Алматыда жалған құжатпен автобус айдаған ер адам ұсталды
Ер адам 2021 жылы көлік айдау құқығынан айырылған
Алматыда жалған құжатпен қоғамдық көлік айдаған жүргізуші ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.
Қоғамдық көліктің жүргізушісі жалған жүргізуші куәлігімен ұсталды. Ер адамның 2021 жылы көлікайдау құқығынан айырылғаны белгілі болды. Алайда ер адам жалған құжат жасатып, жұмыс істеген.
«Құқық бұзушы 85-бағыттағы қоғамдық көлікті басқарып келе жатып, автовокзал маңындағы аялдамада ұсталды. Оның жеке басын тексеру кезінде жалған құжаттың пайдаланғаны анықталды, сонымен қатар оған жолаушыларды тасымалдауға мүмкіндік беретін санат қосылған. Көлікті тоқтатқан сәтте ішінде 40-тан астам жолаушы болды», - деп хабарлады полиция.
Әуезов ауданы полиция басқармасы жалған құжат жасау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеуді басталды.
Жүргізушіге және жүргізушінің жұмысы мен құжаттарын дұрыс қадағаламаған автопарк басшылығына қатысты әкімшілік шара қолданылды.
Қоғамдық көлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды.