Сот-медициналық сараптама тағайындалды
Алматыда «Мамыр» шағын ауданындағы пәтерлердің бірінен 34 жастағы әйел мен екі баланың мәйіті табылды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Алматы қаласы полиция департаментінің хабарлауынша, 6 тамызда жедел басқару орталығына «Мамыр» шағын ауданындағы пәтерлердің бірінен үш адамның мәйіті табылғаны туралы хабар түскен.
34 жастағы әйел мен оның 2015 және 2020 жылы туған балаларының мәйіті табылды , - деп хабарлады полиция департаменті.
Материалды жинаудың толықтығын қамтамасыз ету және адамдардың өлімінің мән-жайын анықтау мақсатында тергеу-жедел тобы шықты. Оқиға орнына полиция департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаров барды. Полиция майоры тергеу барысын өз қолына алды.
Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Полиция тергеу барысы туралы қосымша хабарланатын мәлімдеді.