Оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде
Оралда пышақ жарақаты бар ер адамның мүрдесі табылды, деп хабарлайды БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.
ПД мәлім еткеніндей, оқиға 6 тамыз күні шамамен сағат 21.30-да Исатай-Махамбет көшесі бойында болды.
«П.Атоян атындағы стадион маңынан 1974 жылы туған ер адамның мүрдесі табылды. Оның денесіне бірнеше жерден пышақ салынған. Қазір ҚР ҚК-нің 99-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, күдікті іздестіріліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде», – деп хабарлады ведомстводан.
Қала тұрғындарының сөзіне қарағанда, марқұм бірнеше кафе, дүкені бар кәсіпкер болған.