Halyq Uni логотип
×

Прокуратура өкілі генерал-майордың өліміне қатысты пікір білдірді

Тергеу барысын Алматы прокуратурасы бақылауына алды

 Халық үні 06.08.2022 | 22:14
Прокуратура өкілі генерал-майордың өліміне қатысты пікір білдірді
фото: inform.kz

Прокуратура өкілі генерал-майор Жайлаубек Халықұлының өліміне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. 

«Алматы прокуратурасы 6 тамызда сағат 07.15 шамасында Алматы ҚАЖД тергеу изоляторы камерасында Жайлаубек Халықұлы асылып қалғаны туралы қоңырау түскенін хабарлайды. Шақырылған дәрігерлер оның өлімін растап, алдын ала асфиксия диагнозын қойды. Бұл дерек бойынша соталды тергеу басталды, өлімнің себептерін анықтау үшін қажет тергеу жұмыстары жүргізіледі. Тергеу барысын Алматы прокуратурасы бақылауына алды», - деді ведомство қызметкері.

Айта кетейік, бұған дейін генерал-майор Жайлаубек Халықұлы тергеу изоляторында қайтыс болғаны хабарланған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама