Басшыға тілшінің қойған сұрағы ұнамай қалған
Әлеуметтік желілерде Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Григорьев ауылы әкімінің сұхбаты қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Halyq Unі тілшісі.
Видеода әкім 500 гектар жер жетпейтінін айтады.
Журналист «Бұл қалай анықталды? 500 гектар жер жетпеді деп тұрсыз ғой» деп ауыл басшысына сұрақ қояды.
Оның қалай анықталғанын мен қайдан білемін... Сұрақ қойма, мен жауап беремін, болды. Келістік пе? Бірінші рет сұхбат беріп тұрмын, - дейді әкім.
Әлеуметтік желі қолданушылары арасында пікір екіге бөлінді: кейбіреулер әкімнің «шынайылығы» мен эмоциясын әзілмен қабылдаса, енді біреулер округ басшысы сұхбат бергенде эмоцияға жол бермеуі керек деген ұстанымда.
«Әкімдерден жауап алу өте қиын... Кейде жоғары жаққа да өтірік сандар кетіп жатады. Ол қайдан шыққан сандар десе, білмейді. Әйтеуір, бос отчет...», - деп жазды @dauletten есімді желі қолданушысы.
Ал @aiman.nurgisa мұндай адамдар мемлекеттік қызметке бармауы керегін айтады.
«Осындайларды кім басшы етіп қояды? Жауап бергеннің өзін міндет санайды. Өзінің қарны тоқ, ал халқы аш отыр» , - деді ол.