×

Бибісара Асаубаева – Азияның үздік шахматшысы

Ол – блицтен ең жас әлем чемпионы

 Дәурен Ерболат 06.08.2022 | 14:57
Фото: instagram/bibisarachess

Шахматтан 18 жастағы әлем чемпионы, гроссмейстер Бибісара Асаубаева Азияның үздік шахматшысы атанды. Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында жазды.

Кеше халықаралық шахмат федарациясының (FIDE) марапаттау рәсімі өтті. Шахматтан әлемнің 15-чемпионы Вишванатан Ананд маған «Әйелдер арасында 2021 жылғы Азияның үздік шахматшысы» сыйлығын табыстады, - деп жазды қазақстандық шахматшы.

Айта кетейік, 2021 жылғы 30 желтоқсанда Бибісара Асаубаева Польшаның Варшава қаласында блицтен әйелдер арасында өткен әлем чемпионатында 17 жасында жеңіске жеткен еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама