АҚШ-тың Қазақстандағы жаңа елшісі тағайындалды
Ол Өзбекстанда елші қызметін атқарған
АҚШ Сенаты Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына Дэниел Н. Розенблюмнің кандидатурасын бекітті, деп хабарлайды Halyq Unі тілшісі елшіліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ол 2021 жылғы қазаннан бастап АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі қызметін уақытша атқарған Джуди Куоның орнын басады.
2019 жылғы 9 мамырда Дэниел Розенблюм АҚШ-тың Өзбекстандағы елшісі қызметіне тағайындалған еді.
2014-2018 жылдары ол Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі мемлекеттік департамент бюросында мемлекеттік хатшы көмекшісінің орынбасары қызметін атқарған. Оның міндетіне Орталық Азиядағы бес мемлекетпен: Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстанмен дипломатиялық қатынастарды басқару кірген