×

Нұрлан Нығматулиннің ұлы қызметінен кетті

Ол қылмыстық іске қатысы бар деген күдікке ілінген

 Дәурен Ерболат 06.08.2022 | 13:05
Фото: kaztag.kz

Мәжілістің экс-төрағасы Нұрлан Нығматулиннің ұлы Нұрхан Нұрланов «Қазфосфат» ЖШС бас директоры қызметінен кетті, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Енді компанияны Евгений Шибанов басқарады.

Бақылау кеңесінің төрағасы Эдуард Огай бұрынғы бас директор Нұрхан Нұрлановтың еңбегіне жоғары баға берді. Ол кәсіпорынның өндірістік қуаты мен экспорт көлемін арттырып, негізгі жабдықтарды толық жаңғырту және күрделі жөндеу бағдарламаларын жүзеге асырған.

«Қазфосфат» ЖШС-ның жаңа бас директоры Евгений Шибановтың кен өндіру, өнеркәсіп саласында тәжірибесі мол.

Эдуард Огайдың айтуынша, енді Нұрхан Нұрланов компанияның стратегиялық даму мәселелеріне жауап береді.

Еске салайық, осыған дейін Қаржылық мониторинг агенттігі «Қазфосфат» басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеген еді.

Айта кетейік, Тараз тұрғындары 11 шілдеде кешке әлеуметтік желілерде тұман басқан қаланың видеоларын бөліскен болатын. Олар жағымсыз иіс салдарынан тыныс алу қиындағанын айтып шағымданған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама