«Әскериге қысым көрсеткен». Өскеменде рота командирі лауазымынан шеттетілді
Әскери қызметшінің анасы рота командирінің заңсыз әрекеттері жайлы әлеуметтік желіге жазған
Әскери қызметшінің анасының сөзінше, ұлына қысым көрсеткен командир несие алуға, үйіне азық-түлік әкеліп беруге мәжбүрлеп отырған. ҚР Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы аталған мәселеге қатысты ресми мәлімдеме жасады.
Бұл дерек АЕК-ға тіркеліп, әскери полиция тексеріс жұмыстарын бастады. Сонымен қатар «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы да қызметтік тексеріс жүргізіп жатыр. Қазіргі таңда 5518 әскери бөлімінің әскери қызметкері капитан А. Сағынтаев қызметінен шеттетілді.Тексеріс қорытындысы бойынша қосымша хабарланады, - дейді «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің бастығы Бағдат Амангелді.
Бұған дейін Сарбаздың анасы желіде аудиожазба жариялағаны туралы жазған болатынбыз. Ол баласын қорғау жөнінде қоғам белсенділерінен көмек сұрап, шағымданған еді.