Әуе соққысы нәтижесінде «Исламдық жиһад» ұйымының жоғары лауазымды шенеунігі қаза тапқан
5 тамыз күні түстен кейін Израиль қорғаныс күштері (IDF) палестиналық Хамас исламдық қозғалысы басқаратын Газа секторына шабуыл жасады.
Euronews басылымының хабарлауынша, әуе соққысы нәтижесінде «Исламдық жиһад» ұйымының жоғары лауазымды шенеунігі қаза тапқан. Одан бөлек, тағы жеті адам, оның ішінде бес жасар қыз қаза тапты.
Израиль «Таң шапағы» операциясының басталғанын жариялады. Нәтижесінде қарулы күштер жауынгерлік ұшақтар мен ұшқышсыз ұшақтарды пайдаланып, Газа секторындағы алты әскери нысанға соққы берді.
Мұның барлығы Исламдық жиһадтың жақында ғана қозғалыстың жоғары лауазымды мүшесінің тұтқындалуына жауап ретінде Израильді бомбалаймыз деп қорқытуымен байланысты.