Halyq Uni логотип
×

ШҚО-да аудан әкімі 80 гектар жерді заңсыз иеленіп, шошқа фермасын салмақ болған

 Халық үні 05.08.2022 | 22:44
ШҚО-да аудан әкімі 80 гектар жерді заңсыз иеленіп, шошқа фермасын салмақ болған
ашық дереккөзден

Шығыс Қазақстанда аудан әкімі 80 гектар жерді заңсыз иеленіп, оған шошқа фермасын салмақ болған. Оған AMANAT партиясының «Жер аманаты» комиссиясының мүшелері кедергі келтірген. Бұндай жағдайлар аз емес.

Бұл туралы «Астана» телеарнасы хабарлады.

Саясаттанушы Марат Бәшімов жайылымдық жерлердің халыққа қайтарылуы азаматтардың конституциялық құқықтарын қалпына келтіру деп есептейді.  

Ұлан ауданында тіпті 80 гектар жерді қарапайым халықтан тартып алып, шошқа фермасын саламыз деген, жер кодексіне қайшы келіп отыр. Жерді заңсыз иеленген олигарх коп. Алып алған, игермегендер көп. Қанша халық зарлап жүр, – дейді Марат Бәшімов. 

Бұған дейін «Жер аманаты» комиссиясының мүшесі Айдос Сарым жердің олигархтардан мемлекет меншігіне қалай өтіп жатқанын айтты

Серіктес жаңалықтары

Сараптама