Елордада салмағы 5,8 келі алып бала дүниеге келді
Ұл бала Нұр Сұлтан қаласының №3 қалалық көпбейінді ауруханасының перинаталдық орталығында дүниеге келді, деп хабарлайды Halyq uni тілшісі.
4 тамызда орталық дәрігерлері 30 жастағы әйелдің босануына көмектесті. Нәрестенің туған кездегі салмағы 5, 8 келі, бойы 63 см. Перзентхананың персоналы алып баланы Исатай батыр деп атап кетті.
Босануым қиын болды. Жанымда болып, сәбиімнің аман-есен өмірге келуі үшін барын салған мамандарға алғысым шексіз. Тіпті, босану және босанудан кейінгі күтім кезінде бөлімнің меңгерушілері қасымда болып, жағдайды бақылап, қолдау көрсетті, дейді нәрестенің анасы.
Дәрігерлер 39 аптада туған сәби мен оның анасының денсаулығы жақсы екенін айтады. Жақын күндері олар үйіне шығады.