Теміржолшылардың жалақысы тағы өсті
Жұмысшы мамандықтарының еңбек ақысы 25-тен 41 пайызға дейін көбейді
2021 жылы «Қазақстан темір жолы» компаниясы қызметкерлердің жалақысын екі рет (1 қаңтарда және 1 шілдеде) 10 пайызға өсірді. Осы мақсатқа 63 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінді.
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап разрядтар тобына байланысты еңбек ақы дифференциалды түрде көбейді. Еңбек ақыны көбейту кезінде басымдық өндірістегі жұмысшыларға берілді. Бұл шамамен 100 мың адам. Жұмысшы мамандықтарының еңбек ақысы 25-тен 41 пайызға дейін өсті. Осы мақсатқа 70 миллирад теңге бөлінді.
Осылайша, 1,5 жылда негізгі өндірістік персонал қызметкерлерінің жалақысы айтарлықтай өсті. 2013 жылдан бері мұндай өсім болған жоқ.