Головкин Қазақстанда жекпе-жек өткізеді
Ол соңғы рет астанада 2010 жылы шаршы алаңға шыққан
Геннадий Головкин Қазақстанда жекпе-жек өткізуді жоспарлап отыр.
Vesti.kz-тің хабарлауынша, Головкин америкалық журналистердің карьераны аяқтау туралы сұрағанда елімізде бір жекпе-жек өткізгісі келетінін айтқан.
Головкин Қазақстанда 2010 жылы бір рет қана шаршы алаңға шыққан. Сол кезде Астанада өткен бокс кешінде ол колумбиялық Нильсон Тапияны үшінші раундта нокаутқа түсірген еді.