Қазақстанда Ресей оқу орындары ашылады
Оқу процесіне жетекші ресейлік профессорлар тартылады
2022 жылы күзде Алматы қаласында Ресейдің «МИФИ» Ұлттық ядролық зерттеу университеті мен Атырауда И.М. Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетінің филиалдары ашылады.
Үкіметтің тиісті қаулысы қабылданды.
«Биыл қазан айында аталған жоғары оқу орындары филиалдарының базасында «Қорғалған жоғары өнімді есептеу жүйелері», «Элементар бөлшектер физикасы және ғарыш физикасы», «Мұнай мен газды іздеу және барлау», «Мұнай және газ кен орындарын игеру, пайдалану және кешенді механикаландыру мен автоматтандыру», «Мұнай және газ тасымалдау» сияқты мамандықтар бойынша кадрларды дайындау басталады. Оған 200 грант бөлінді. Оқу процесіне жетекші ресейлік профессорлар тартылады», – делінген Үкіметтің Telegram-арнасында.