Белгілі әнші әрі композитор Аймұрат Мәжікбаев қайтыс болды
Оның туындыларын Қазақстанның халық әртісі Майра Мұхамедқызы мен Димаш Құдайберген орындайды
Ақтөбеде 48 жастағы қазақстандық әнші әрі композитор Аймұрат Мәжікбаев қайтыс болды. Оның туындыларын Майра Мұхамедқызы мен Димаш Құдайберген орындаған, деп хабарлайды "/Диапазон.
1997 жылы Аймұрат Мәжікбаев Ақтөбе мәдени-ағарту училищесін тәмәмдады. Кейінірек политехникалық колледжде ол «Саз» вокалдық студиясын, «Самғау» жастар театрын құрды. 2016 жылдан бастап Ғазиза Жұбанова атындағы облыстық филармонияда солист болып жұмыс істеді. Аймұрат Мәжікбаев көптеген танымал әндердің авторы.
Оның туындыларын Қазақстанның халық әртісі Майра Мұхамедқызы мен Димаш Құдайберген орындайды. Олар:«Туған жер»,«Ақтөбе», «Анашым», «Асыл аға»,«Балапаным» әндері.
Димаш Құдайберген Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында композитордың өмірден өтуіне байланысты көңіл айтты.
Онда өнер иесі бала кезінен Мәжікбаевтың әндерін тыңдағанды жақсы көретінін жеткізген.
«Шығармашылығыңыз үшін, үшін үлгі болғаныңыз үшін рахме», - деп жазды әнші.