Halyq Uni логотип
×

Көкшетуда ер адам отбасын тастап, үйінен қашып кеткен

Із-түзсіз жоғалған ақмолалық азаматтың жұбайы мен екі жас баласы бар

 Халық үні 05.08.2022 | 05:52
Көкшетуда ер адам отбасын тастап, үйінен қашып кеткен
фото: massaget.kz

Көкшетауда ер адам банктегі қарызына бола отбасы мен ата-анасына ескертпей, үйден қашып кеткен. Бір жарым жыл бойы іздеуде жүрген азамат Алматы қаласынан дін-аман табылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Көкшетау қалалық ПБ КПБ іздестіру тобының қызметкерлері бір жарым жыл бойы іздеуде болған облыс орталығының 35 жастағы тұрғынын тапты. Ер адамның әкесі 2021 жылдың қаңтарында ұлының жоғалғаны туралы полицияға хабар берген.

Атап өтерлігі, із-түзсіз жоғалған ақмолалық азаматтың жұбайы мен екі жас баласы бар.

«Ер адамды іздеуге Көкшетау қаласы полиция басқармасының, Ақмола облысы ПД аумақтық бөлімшелерінің жеке құрамы бағытталды. Іздестіру шараларын жүргізу барысында із-түзсіз жоғалған ер адамның микроқаржы ұйымдарында, банктердің бірінде, сондай-ақ жеке тұлғаға бірқатар берешегі бар екені анықталды», - деп көрсетті Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама