Елордада оқушы қызға азғындық әрекет жасаған ер адам 10 тәулікке қамалды
Ол бұл әрекетін бірнеше рет қайталап, оқушы қыз анасына видеоқоңырау шалған сәтте ғана тоқтатқан
Елорданың Сарыарқа аудандық соты кәмелетке толмаған қызға тиіскен ер азаматтан 1 млн теңге моралдық өтемақы өндіріп алу шешімін шығарды.
Айта кетейік, бұл жағдай биыл мамыр айында Нұр-Сұлтан қаласында болған. Елорда тұрғыны полиция қызметкерлеріне автобуста белгісіз ер адам оның 12 жастағы қызына тиіскені туралы шағым түсірген болатын .
Күдікті қоғамдық көлікте қыздың жамбасынан сипаған. Ол бұл әрекетін бірнеше рет қайталап, оқушы қыз анасына видеоқоңырау шалған сәтте ғана тоқтатқан. Қыздың анасы орын алған оқиға жайында полицияға шағым түсіріп, күдікті ұсталған еді.
Ол жолы ер адам Әкімшілік кодекстің «Ұсақ бұзақылық» бабы бойынша 10 тәулікке қамауға алынған. Кейін зардап шеккен қыздың анасы келтірілген моральдық зиянды өтеу бойынша сотқа жүгінген.
«Кәмелетке толмаған жауап беруші Б. заңсыз әрекеті салдарынан моральдық зардап шеккен. Сот қыздың анасының арызын қарап, айыпталушыдан 1 000 000 теңге моральдық өтемақы өндіріп алу шешімін мақұлдады», - делінген Сарыарқа аудандық соты шығарған шешімде.
Сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.