Таеквондо: Қазақстан әлем чемпионатында үш медаль алды
Қоржынында екі күміс пен бір қола жүлде бар
Қазақстанның жастар құрамасы әлем чемпионатында екі күміс пен бір қола медальді иеленді.
Таеквондо федерациясының хабарлауынша, Болгарияның астанасы София қаласында әлем чемпионатының екінші күні мәресіне жетті. Осы күні Әсет Ізғалиев (48 кг), Айдана Сүндетбай (46 кг) мен Темірлан Тілеулес (51 кг) құрмет тұғырына көтерілді.
Айдана Сүндетбай финалда оңтүстіккореялық Юнсео Кимге есе жіберсе, Темірлан Тілеулес те алтын медаль үшін таласта Оңтүстік Корея өкілі Х.Янгтен айласын асыра алмады. 48 кг салмақтың жартылай финалында Әсет Ізғалиевке ирандық А.Зандиден ұтылды.
Әзірше жастарымыздың қоржынында екі күміс пен бір қола медаль бар.