Halyq Uni логотип
×

Ақтауда 3 жасар қызын өлтірген әйел сот үкіміне қарсы шықты

Оның баласы ауыр соққыдан қайтыс болған

 Дастан Жұмабекұлы 04.08.2022 | 14:31
Ақтауда 3 жасар қызын өлтірген әйел сот үкіміне қарсы шықты
фото: ашық дереккөз

Ақтауда 3 жасар қызын ұрып өлтірген әйел сот үкіміне шағым түсірді. Оған 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған еді.

ҚазАқпараттың хабарлауынша, Маңғыстау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы баланың денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіріп, өлімге әкелген қылмыстық істі апелляциялық тәртіппен қарады.

Бірінші сатыдағы сот үкімі бойынша әйелге 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Алайда, үкімге жәбірленушінің заңды өкілі, сотталушы мен оның адвокаты апелляциялық шағым жасады. Сотталушының қорғаушысы істі Қылмыстық кодекстің 106-бабы (абайсызда адам өліміне алып келу) бойынша қайта қарауды сұрады. Апелляциялық алқа бірінші сатыдағы сот үкімінің заңды шығарылғанын, үкімді өзгертуге, оның күшін жоюға және апелляциялық шағымдардың дәлелдерін қанағаттандыруға негіз жоқтығын айтты. Сондықтан сот үкімі өзгеріссіз, апелляциялық шағымдар қанағаттандырусыз қалдырылды, –   делінген Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметінің хабарламасында.

Оқиға биылғы 4 қаңтарда болған еді. Сол кезде әйел қызын ұрған. Қыз бала ішімен үстелдің бұрышына соққан соң, гематома пайда болады. Бірнеше күннен кейін әйел тағы да ашулы күйде қызының ішінен ұрады. Содан кейін қызын үйге тастап, кетіп қалады. Бірнеше сағаттан кейін қыз дене жарақатынан қайтыс болған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама