Halyq Uni логотип
×

Испаниялық браконьерлер Жетісу өңірінде Сібір тауешкілерін атқан

Олардан Mannlicher және Блейзер маркалы мылтықтар тәркіленді

 Еркеғали Болатұлы 04.08.2022 | 14:27
Испаниялық браконьерлер Жетісу өңірінде Сібір тауешкілерін атқан
фото: дереккөз

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Жетісу облысында Қызыл кітапқа енген Сібір тауешкілерін заңсыз аулаған Испания азаматтары ұсталғанын хабарлады.

Браконьерлер «Тоқты» мемлекеттік табиғи қорығы аумағында қолға түскен.

Жоңғар Алатауы ұлттық паркінің мемлекеттік инспекторлары жүргізген рейд барысында «Тоқты» мемлекеттік табиғи қорығының аумағында Toyota Land Cruiser Prado маркалы автокөлігі тоқтатылды. Онда Испанияның екі азаматы болған, – делінген ведомство хабарламасында

Тексеріс барысында автокөліктің жүксалғышынан екі Сібір тауешкісінің басы, 60-62 келі болатын ет пен терісі табылған. Сонымен қатар, шетелдік азаматтардан Mannlicher және Блейзер маркалы мылтықтар тәркіленді.

«Заттай дәлелдемелер тәркіленіп, Жетісу облысының Алакөл аудандық полиция бөліміне тапсырылды», – деді Экология министрлігі баспасөз қызметінің өкілдері.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама