Қанат Исламның келесі жекпе-жегі белгіленді

Дастан Жұмабекұлы

Боксшы шаршы алаңға қыркүйек айында шығады

фото: vesti.kz

Орта салмақтағы қазақ боксшысы Қанат Исламның келесі жекпе-жегі өтетін орын мен уақыты белгілі болды.

Vesti.kz-тің хабарлауынша, Қанат Ислам шаршы алаңға АҚШ-та қыркүйек айында шығады. Бұл оның 26 ақпанда АҚШ-тың Плант-Сити қаласында өткен бокс кешінде карьерасында алғаш рет жеңілгеннен кейінгі бірінші жекпе-жегі болады. Ол кезде Қанат төрешілер шешімімен WBO Global титулы үшін британиялық Джимми Келлиге (95-95, 96-94, 97-93) жеңілген болатын.

Қазір Исламды Окснардта (Калифорния) бұрынғы жаттықтырушысы Роджер Романың жаттықтырып жатыр.

Қанат Ислам WBC, WBA, IBF және WBO рейтингтерінің топ-15 тізімінен шығып қалған.