Жергілікті әкімдік сотқа жерді мәжбүрлеп алып қою туралы талап арыз берді
Алматы қаласы тұрғындарының өтініші бойынша «Южный» саябағындағы жер учаскесін қайтару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Ерболат Досаев Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесуде хабарлады.
Биыл 19 сәуірде Алматы қаласының әкімдігі осы учаскені алып қою туралы қаулы қабылдады, бірақ иесі өтемақы сомасымен келіспейді. Сондықтан әкімдік экономикалық сотқа Мемлекеттік мүлік үшін жер учаскесін мәжбүрлеп алып қою туралы талап арыз берді. Оң шешім қабылданған жағдайда «Южный» паркінің аумағы 2,8 га ұлғаяды, – деді Ерболат Досаев.
Әкімдік баспасөз қызметінің мәліметінше, 14 шілдеде Алматы қаласы әкімдігінің Жароков – Левитан көшесіндегі ауданы 30 сотық жер учаскесін алып қою туралы қаулысы қабылданғаны белгілі болды. Бұл аумақта 2023 жылдың қазан айына дейін аудан тұрғындарының бос уақыты мен демалысы үшін спорттық, балалар және «workout» алаңдары орнатылады.