Парламент Елбасының Қауіпсіздік кеңесі мен ҚХА-ға өмір бойы төрағалық ету құқығының күшін жоюды мақұлдады
Парламент Елбасы туралы заңға өзгерістер енгізді
Мәжіліс депутаттары Сенат енгізген мемлекеттік бастамаларды Елбасымен келісу қажеттілігінің күшін жоюға қатысты түзетулерді қолдады. Бұл норма «Тұңғыш Президент - Елбасы туралы» Конституциялық заңда жазылған.
Сондай-ақ, заң жобасында тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қауіпсіздік кеңесі мен Қазақстан халқы ассамблеясына өмір бойы төрағалық етуінің күшін жоятын түзетулер бар.
Бұл ретте Қазақстанның тұңғыш президенті маңызды мәселелерді талқылау кезінде Парламент пен Үкімет алдында сөз сөйлеу құқығын сақтайды.
Еске салайық, 27 қаңтарда Сенат депутаттары Мәжіліс депутаттарының бұрын айтылған барлық өзгерістерін мақұлдады. Бірақ, өз түзетулерін ұсына отырып, заң жобасын төменгі палатаға қайта қарауға қайтарды.
Бүгін, 2 ақпанда өткен Мәжіліс отырысында депутаттар Сенат енгізген өзгерісті мақұлдады.
Заң жобасын Сенатта қарау барысында қосымша түзету енгізілді. Атап айтқанда, Сенат мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары бойынша әзірленетін бастамалар Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасымен келісуді көздейтін бапты алып тастауды ұсынды. Себебі Конституцияға сәйкес, республика президенті мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайды. Сондай-ақ ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстан атынан өкілдік етеді. Қорыта айтқанда, парламент енгізген өзгеріспен келісуді ұсынамыз, - деді мәжілісмен, заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Арман Қожахметов.
Мәжіліс депутаттары бұл ұсынысты бірауыздан қолдады. Парламент қабылдаған Конституциялық заң мемлекет басшысының қол қоюына жіберілді.