Бұл мәселе халықаралық құқық аясында шешілуге тиіс
Қазақстан Тайваньды ҚХР-дың ажырамас бір бөлігі деп санайды. Бұл туралы Сыртқы істер министрінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты.
Еліміз «бір Қытай» қағидатын қолдайды және Тайваньды Қытай Халық Республикасының ажырамас бөлігі деп санайды, - деді СІМ-нің ресми өкілі.
Айбек Смадияровтың айтуынша, Қазақстан халықаралық құқықтың қолданыстағы нормаларын және БҰҰ жарғысын сақтауды және бұл мәселеде БҰҰ бас ассамблеясының 1971 жылғы №2758 қарарын ұстануды қолдайды.
Шет елдердің ресми делегацияларының Тайваньға сапары ҚХР Үкіметімен келісілуге тиіс деп ойлаймын, - деді ол.
Айта кетейік, осыған дейін АҚШ Конгресі өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси Қытайдың қарсылығына қарамастан Тайваньға ресми түрде барған еді.