Halyq Uni логотип
×

Қазақстан Тайваньды Қытайдың бөлігі деп санайды

Бұл мәселе халықаралық құқық аясында шешілуге тиіс

 Дәурен Ерболат 04.08.2022 | 11:04
Қазақстан Тайваньды Қытайдың бөлігі деп санайды
Фото: Sputnik

Қазақстан Тайваньды ҚХР-дың ажырамас бір бөлігі деп санайды. Бұл туралы Сыртқы істер министрінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты.

Еліміз «бір Қытай» қағидатын қолдайды және Тайваньды Қытай Халық Республикасының ажырамас бөлігі деп санайды, - деді СІМ-нің ресми өкілі.

Айбек Смадияровтың айтуынша, Қазақстан халықаралық құқықтың қолданыстағы нормаларын және БҰҰ жарғысын сақтауды және бұл мәселеде БҰҰ бас ассамблеясының 1971 жылғы №2758 қарарын ұстануды қолдайды.

Шет елдердің ресми делегацияларының Тайваньға сапары ҚХР Үкіметімен келісілуге тиіс деп ойлаймын, - деді ол.

Айта кетейік, осыған дейін АҚШ Конгресі өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси Қытайдың қарсылығына қарамастан Тайваньға ресми түрде барған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама