Қытай Тайваньға санкция салды
Аралмен қарым-қатынас тығырыққа тірелді
АҚШ Конгресі өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелосидің сапарынан кейін Қытай Тайваньға қарсы сауда санкцияларын күшейте бастады.
«Московский комсомолец» басылымының хабарлауынша, Қытайдың бас кеден басқармасы 3 тамызда мәлімдеме жасап, Тайваньнан кейбір өнімдердің импорты тоқтатылатынын мәлімдеді.
Қытайдың ресми мәлімдемесінде импорттың тоқтатылуының негізгі себебі – осы өнімдерден зиянды заттардың табылуына байланысты деп түсіндірілді.
Сондай-ақ, Қытай үкіметінің Тайвань істері жөніндегі кеңсесінің ресми өкілі Ма Сяогуан «Тайвань демократиясы қоры» мен «Халықаралық ынтымақтастық және даму қоры» және басқа да ұйымдарға санкция салып, бұл ұйымдардың қытайлық кәсіпорындармен, заңды тұлғалар немесе басқа кез келген нысанда ынтымақтастық жасауына тыйым салатынын хабарлады.