Нэнси Пелоси Тайваньнан ұшып кетті

Дастан Жұмабекұлы

Ол Цай Инвэньмен кездесіп, бірқатар мәлімдеме жасады

фото: ашық дереккөз

АҚШ Конгресі өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси Тайваньнан ұшып кетті.

Бүгін ол Тайваньның президенті Цай Инвэньмен кездесіп, бірқатар мәлімдеме жасады.

АҚШ-тың саясаткері Құрама Штаттардың ҚХР-дың «Біртұтас Қытай» саясатын құрметтей отырып, Тайваньнан ешқашан бас тартпайтынын айтты.

АҚШ Тайвань мен Қытайдың статус-кво саясатын қолдайды. Қытайдың Тайваньға қарсы соғысы мен басқа да саяси-экономикалық қысымының болғанын қаламайды, –  деді ол.

Тайваньның президенті өз кезегінде АҚШ-тың өкіліне қиын қыстау кезде қолдау көрсеткеніне алғыс білдірді. Басқа әңгіме жабық есікте болды.

Пелоси аралға кеше кешкісін келген болатын. Содан бері түсірілген кадрларды бірқатар әлемдік БАҚ жариялады.