Нэнси Пелоси Тайваньнан ұшып кетті
Ол Цай Инвэньмен кездесіп, бірқатар мәлімдеме жасады
АҚШ Конгресі өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси Тайваньнан ұшып кетті.
Бүгін ол Тайваньның президенті Цай Инвэньмен кездесіп, бірқатар мәлімдеме жасады.
АҚШ-тың саясаткері Құрама Штаттардың ҚХР-дың «Біртұтас Қытай» саясатын құрметтей отырып, Тайваньнан ешқашан бас тартпайтынын айтты.
АҚШ Тайвань мен Қытайдың статус-кво саясатын қолдайды. Қытайдың Тайваньға қарсы соғысы мен басқа да саяси-экономикалық қысымының болғанын қаламайды, – деді ол.
Тайваньның президенті өз кезегінде АҚШ-тың өкіліне қиын қыстау кезде қолдау көрсеткеніне алғыс білдірді. Басқа әңгіме жабық есікте болды.
Пелоси аралға кеше кешкісін келген болатын. Содан бері түсірілген кадрларды бірқатар әлемдік БАҚ жариялады.