Бір тәулікте 101 адам ауруханаға түскен
Ақмола облысында бір тәулікте жүзден астам адам коронавирус жұқтырды.
Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2 тамыз күні Ақмола облысында коронавирус инфекциясын 101 адам жұқтырған.
Оның ішінде 91 науқас симптомы бар вируспен ауруханаға түссе, 10 адамнан симптомы жоқ аурумен ауырған. Атап айтқанда, Бұландыда – 21, Бурабайда – 20, Есіл ауданында – 17, Қорғалжында – 6, Көкшетау қаласында – 5, Ақкөлде – 5, Зерендіде – 5, Аршалыда – 5, Атбасарда – 3, Біржан Салда – 3, Ерейментауда – 3, Сандықтауда – 3, Шортандыда – 3. Астрахан ауданында 1 адамнан ауру анықталған.
Департаменттің баспасөз қызметі хабарлағандай, 26 маусымнан бастап Бурабай ауданында COVID-19 жұқтырған адам көбейген. Содан бергі уақытты санағанда 247 адамнан инвекция анықталған.
Қазір курорттық аймақ жақын шетелден туристердің келуіне байланысты КВИ-дің таралуына әсер етіп жатыр.