Halyq Uni логотип
×

Бурабайға барғандар коронавирус жұқтырып жатыр

Бір тәулікте 101 адам ауруханаға түскен

 Дастан Жұмабекұлы 03.08.2022 | 15:25
Бурабайға барғандар коронавирус жұқтырып жатыр
фото: ашық дереккөзден біріктірілген

Ақмола облысында бір тәулікте жүзден астам адам коронавирус жұқтырды.

Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2 тамыз күні Ақмола облысында коронавирус инфекциясын 101 адам жұқтырған.

Оның ішінде 91 науқас симптомы бар вируспен ауруханаға түссе,  10 адамнан симптомы жоқ аурумен ауырған.  Атап айтқанда, Бұландыда –  21, Бурабайда –  20, Есіл ауданында – 17, Қорғалжында – 6, Көкшетау қаласында –  5, Ақкөлде – 5, Зерендіде – 5, Аршалыда – 5, Атбасарда –  3, Біржан Салда – 3, Ерейментауда –  3, Сандықтауда –  3, Шортандыда –  3. Астрахан ауданында  1 адамнан ауру анықталған.

Департаменттің баспасөз қызметі хабарлағандай, 26 маусымнан бастап Бурабай ауданында COVID-19 жұқтырған адам көбейген. Содан бергі уақытты санағанда 247 адамнан инвекция анықталған.  

Қазір курорттық аймақ жақын шетелден туристердің келуіне байланысты КВИ-дің таралуына әсер етіп жатыр.  

Серіктес жаңалықтары

Сараптама