Halyq Uni логотип
×

Күзде дизель отыны тағы қымбаттайды

Оның тоннасы 222 мың теңге болады

 Дастан Жұмабекұлы 03.08.2022 | 15:00
Күзде дизель отыны тағы қымбаттайды
фото: ашық дереккөз

Энергетика министрі Болат Ақшолақов күзде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге, яғни фермерлерге арналған дизель отынының бағасын көтеру жоспарланып отырғанын айтты.

«Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін дизель отыны еш уақытта тапшы болған емес. Мен ұзақ жылдан бері осы салада жұмыс істеп келемін. Әр уақытта да ең бірінші кезекте көктемгі және күзгі жұмыстарға дизель отының белгілі көлемін бөліп отырдық.

Оның үстіне келіссөз жүргізіп, арзан бағамен беріп келдік. Себебі, елімізде дизель отынына мемлекеттік субсидия жоқ. Биыл 1 тоннасы 212 мың теңгеден болды. Енді күзде тоннасы 222 мың теңге болады», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама