Ол ашық түрде өтуде
Бүгін Атырау облысы әкімінің орынбасары Б.Хаменоваға қатысты сот отырысы басталды.
ATPress.kz-тің хабарлауынша, облыс әкімінің орынбасары Б.Хаменоваға қатысты сот Атырау қаласының №2 сотында ашық түрде болып жатыр.
Биыл 26 мамырда Атырау қаласының №2 сотына Қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-бөлігі 2-тармағымен Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменоваға, Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиевке, Қылмыстық кодекстің 367-бабы 2-бөлігімен «Б» ЖШС-нің директорына қатысты қылмыстық іс түскен болатын.