Қытай ядролық қаруды бірінші болып қолданбауға уәде берді
Қазір ҚХР мен АҚШ-тың арасында бұрын-соңды болмаған дау-жанжал шығып отыр
Қытай Халық Республикасы ядролық қаруды тек өзін-өзі қорғану үшін ғана қолданатынын мәлімдеді.
Бұл туралы Қытай Сыртқы істер министрлігі қарусыздану департаментінің басшысы Фу Цон айтты.
«Известия» басылымының хабарлауынша, ол Қытайдың басқа елдермен ядролық қаруды көбейту бойынша бәсекеге түспейтінін, бірінші болып қолданбайтынын айтты.
Бұған дейін Қытайдың Вашингтондағы елшісі Цинь Ган АҚШ Конгресі өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелосидің Тайваньға сапарына жауап ретінде тиісті шараны қолданатынына уәде берген болатын.
Қазір Қытай мен АҚШ-тың арасында Нэнси Пелосидің Тайваньға сапарына байланысты бұрын болмаған дау-жанжал шығып отыр.