Астанадағы 1 700-ге жуық ақылы автотұрақ алынып тасталды
4 аудандағы 55 жер учаскесі тазартылған
Елордада әлеуметтік және өзге де нысандардың маңында орналасқан 1 680 жуық ақылы көлік тұрағы алынып тасталды.
Әкімдіктің хабарлауынша, 4 аудандағы 55 жер учаскесі тазартылған. Алайда қалған ақылы тұрақ орындары орналасқан учаскелер қала меншігіне жатады. Ал жоба қаланың көлік стратегиясының бір бөлігі саналады.
Ақылы тұрақтар жолдағы көлік жүктемесін едәуір азайтады, - дейді «Астананың тұрақ кеңістігі» серіктестігі.