Қатты соққыдан көлік екіге бөлінген
Еңбекшіқазақ ауданында жол апатынан 2 бала көз жұмды, деп хабарлайды Алматы облысының полиция департаменті.
«Қаракемір-Бәйдібек би» тас жолында 30 жастағы әйел басқарған Mitsubishi Space Wagon көлігі ағашқа соғылған. Қатты соққыдан көлік екіге бөлініп кеткен.
Жол апатынан 2 бала қаза тапты. Жүргізуші мен 3 жасар бала түрлі дене жарақатымен ауруханаға жатқызылды. Бұл дерек бойынша тиісті сараптамалар тағайындалып, қылмыстық іс қозғалды, - деп жазылған хабарламада.
Полицейлер жүргізушілерді жолда қауіпсіздік ережелерін сақтап, қырағы болуға шақырады.