ҚХА атыс жаттығуларын да өткізеді
Қытайдың халық-азаттық армиясы 4-7 тамыз аралығында Тайваньдағы алты ауданда әскери жаттығулар өткізеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
«Қытай Халық-азаттық армиясы Тайваньдағы алты ауданда бейсенбіден жексенбіге дейін маңызды әскери жаттығулар мен оқу іс-шараларын, соның ішінде атыс жаттығуларын өткізеді», - делінген хабарламада.
Еске салайық, 2 тамызда Пелоси ұшағы Тайвань әуежайына қонған болатын. Сондай-ақ, АҚШ Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси Тайваньға келгеннен кейін жазбаша мәлімдеме жасады.
Онда аралға сапары «Тайвань демократиясын» қолдаудағы «Американың адалдығы» екенін айтты.