Достық стансасы маңында жол талғамайтын көлік аударылып, екі адам ажал құшты
Жетісу облысында ерлі-зайыптылар жол апатынан қаза тапты, 11 жастағы бала ауруханада жатыр.
2- тамыз күні Алакөл ауданында «Үшарал – Достық» тас жолының 169-шақырымында Toyota Land Cruiser апатқа ұшырады. Жол талғамайтын көліктің ішінде бір отбасының үш мүшесі болған.
Облыстық полиция департаментінің мәлімдеуінше, 47 жастағы ер адам мен оның 43 жастағы әйелі жол-көлік оқиғасынан көз жұмды. Ал 11 жастағы бала Үшаралдағы орталық аудандық ауруханаға жатқызылды.
Жол апаты бойынша қажетті сараптамалар тағайындалған, қазір сотқа дейінгі тергеу басталд