Нэнси Пелоси Қытайдың қарсылығына қарамастан Тайваньға ресми түрде келді
Тайвань (ресми түрде Қытай Республикасы) өзін Қытай мемлекеті деп санауды талап етеді
АҚШ Конгресі өкілдер палатасының төрайымы Нэнси Пелосидің ұшағы Тайвандағы Тайбэй халықаралық әуежайына келіп қонды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл мәлімет Flightradar авиациялық қызметінің деректерінен алынды.
Бұған дейін Қытай азаматтық ұшақтарға қонуға тыйым салып, Тайвань бұғазы аймағын жауып тастаған болатын.
Аталған ұшақ келіп қонған «Суншань» әуежайындағы зениттік зеңбіректердің үстіне жабылған жамылғы сыпырылып алынды.
Әлеуметтік желі қолданушылары Қытайдың Фуцзянь провинциясынан қытай әскери ұшақтары Тайванға қарай ұшып шыққанын жазады. Аталған провинцияда дабыл белгісі қосылған.
Алдында Жапониядағы базадан оншақты АҚШ әскери ұшағы әуеге көтеріліп, Тайванға бет алғаны хабарланған.
Тайвань (ресми түрде Қытай Республикасы) өзін Қытай мемлекеті деп санауды талап етеді. Қазір осылайынан оны 14 ел таниды: негізінен Орталық Америка және Белиз, Никарагуа, Гаити, Гондурас, Тувалу, Палау, Науру сынды аралдағы мемлекеттер. АҚШ бұл тізімге кірмейді.
Ресми түрде Қытай Республикасы 1911 жылы құрылды, бірақ іс жүзінде Тайвань аумағында бұл мемлекеттік құрылым 1950 жылдардың басынан бастап пайда болды. Қытайда билік құрған Гоминьданның жақтастары Қытай азаматтық соғысынан кейін қашып, Тайванға келген. Ол кезде АҚШ Тайвандағы үкіметті заңды деп санап, ҚХР-ды мойындамаған.
Қытай СІМ-і Пелосидің Тайванға сапарына наразылық білдіріп, оны сынға алды. Құзырлы орган бұл «бір Қытай» қағидатын айтарлықтай бұзады деп мәлімдеді.
Пелоси өз баспасөз қызметі таратқан мәлімдемесінде Тайванға сапары АҚШ-тың Қытайға қатысты саясатына қайшы келмейтінін атап өтті.
Сондай-ақ ол өзінің Тайванға сапары "АҚШ-тың Тайвань демократиясын қолдайтынының дәлелі" екенін қоса айта кетті.