Еркін күрес: әлем чемпиондары миллион теңге сыйақы алады

Дастан Жұмабекұлы

Оны федерацияның президенті Ерлан Қожасбай өз атынан береді

фото: ашық дереккөзден біріктірілген

Қазақстандық балуандар Дарын Әскербек пен Камир Кургулиев Италияда еркін күрестен жастар арасында өткен әлем чемпионатын жеңіп алғаны үшін миллион теңгеден сыйақы алатын болды.

Бұл –  Қазақстан құрамасының 2013 жылдан бері алған алғашқы алтын жүлделері. Бұған дейін Дархан Калкенов әлем чемпионы атанған. 

Еркін күрестен Қазақстан құрамасы Итлаияда өткен әлем чемпионатында сәтті өнер көрсетті. Екі алтын жүлде олжалады. Осыған байланысты Грек-рим, еркін күрес және әйелдер күресі федерациясының президенті Ерлан Қожасбай өз атынан Дарын Әскербек пен Камил Кургулиевке 1 миллион теңге сыйақы береді, –  делінген Қазақстанның күрес федерациясының хабарламасында.

Италияда Дарын Әскербек 55 кг салмақта америкалық Джастин Патрик Форреспен белдесіп, құрмет тұғырының ең биік сатысына көтерілсе, 92 килоға дейінгі салмақта сынға түскен Камил Кургулиев финалда венгриялық Муса Арсукановты ұтқан болатын.