Әлем тарихында ядролық қаруды қолданған адам ретінде қалғысы келеді
Танымал астролог Влад Росс Ресей президенті Владимир Путиннің ядролық соғысқа дайындалып жатқанын айтты, деп хабарлады УНИАН.
Оның айтуынша, тамыз айында Путин Батыс Украинаға соққы беруі мүмкін. Өйткені оның жоғалтатын ештеңесі жоқ. Сондықтан ядролық соққы жасау туралы шешім қабылдауы ықтимал.
Путин қазірдің өзінде ядролық соғысқа дайындалып және жағдайды жан-жақты ойластырып жатыр. Ол ауырып жатыр, өмір сүруіне бірнеше ай қалды. Оны жерде ұстап тұрған ештеңе жоқ. Әлем тарихында ядролық қаруды қолданған адам ретінде қалғысы келеді, - деді Влад Росс Главредге берген түсініктемесінде.
Сондай-ақ астролог Путин Украинаның батысындағы қалаларға соққы беретінін, бірақ Киев пен Одесса әлі де қауіпсіз екенін айтты.