Спортшының агенті бірнеше клубпен келіссөз жүргізіп жатыр
«Манчестер Юнайтед» шабуылшысы Криштиану Роналдудың клубтан кеткісі келетіні белгілі болды, деп хабарлайды AS.
Дереккөздің мәліметінше, португалиялық футболшы Англия премьер-лигасының (АПЛ) маусымы басталғанға дейін «МЮ-ден» кетуге ниетті. Егер ол командада қалса, 7 тамызда «Брайтонға» қарсы алғашқы матчта ойнамайды.
Бүгінде спортшының агенті Жорже Мендеш бірнеше клубпен келіссөз жүргізуде. Оның арасында «Атлетико» (Испания) және «Наполи» клубтары бар.
Еске салайық, биыл 2 шілдеде Криштиану Роналду «Манчестер Юнайтедтің» трансферлік саясатына көңілі толмайтыны белгілі болған. Сондай-ақ англиялық клуб биыл Чемпиондар лигасына шыға алмаған еді.
Шабуылшының «МЮ-мен» келісімшарты 2023 жылғы 30 маусымда аяқталады.