Биыл 13-15 қыркүйекте ол Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді деп жоспарланып отыр
Нұр-Сұлтанда Рим Папасы Франциск католиктер үшін дұға оқиды, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігі.
Мемлекеттік сапардың бірінші күні Франциск президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен, елімізде тіркелген шетелдік дипломатиялық корпус және азаматтық қоғам өкілдерімен кездеседі.
Рим-католик шіркеуінің басшысы екінші күні Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезінің ашылуына және пленарлық отырысына, сондай-ақ кейбір басқа дін лидерлерімен бірқатар кездесуге қатысады деп жоспарланып отыр.14 қыркүйекте Рим Папасы Франциск мыңдаған католик дінін ұстанушылар, оның ішінде Қазақстан астанасына арнайы келетіндері үшін дұға (месса) оқиды, - деп жазылған хабарламада.
Сапардың соңғы күнінде ол Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезінің жабылуына және қорытынды декларацияның қабылдануына қатысуды әрі Рим-католик шіркеуінің Қазақстандағы және көрші елдерден келетін дін қызметкерлері, монахтары және семинаристерімен кездеседі.
Папа Франциск Нұр-Сұлтанда өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезіне қатысуын растаған Рим-католик шіркеуінің бірінші басшысы болып саналады.
Еске салайық, Рим-католик шіркеуінің бұрынғы басшысы Папа Иоанн Павел II-нің Қазақстанға тұңғыш сапары 2001 жылғы 22-25 қыркүйек аралығында өткен еді.