Бұған дейін экономист Айман Тұрсынқан ақшаның «жоғалғанын» мәлімдеген болатын
Қаржы министрлігі экономист Айман Тұрсынқанның 2016 жылы Ұлттық қор активтерінен 8 триллион теңге «жоғалды» деген айыптауына жауап берді.
Бұл туралы tengrinews.kz хабарлады.
Бұған дейін экономист Айман Тұрсынқан Ұлттық қордан 2016 жылы 8 триллион теңгенің «жоғалғанын» мәлімдеген болатын.
Ол 2015 жылы 8 триллион теңгенің баланста болғанын, алайда бір жылдан кейін «жоғалып кеткенін» айтқан еді. Осыған байланысты Қаржы министрлігі экономистің өз мәлімдемесінде Республикалық бюджеттің жұмсалуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің аудиторлық есебіндегі диаграмманы келтіргенін хабарлады.
«2010 жылдан 2021 жылға дейінгі кезеңдегі айырбас бағамын қайта бағалауды ескере отырып, мұнай секторындағы ұйымдардан түсетін тікелей салықтар және инвестициялық кірістер түріндегі Ұлттық қорға түсімдерді көрсететін диаграмма келтірілген», – делінген хабарламада.