Нұр-Сұлтан қаласында Мәңгілік ел даңғылы жабылды.
Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының хабарлауынша, 2-8 тамыз аралығында жөндеу жұмыстарына байланысты Мәңгілік ел даңғылының Достық пен Сарайшық көшелерінің қиылысындағы көлік айырымына дейінгі учаскесі толығымен жабылды.
Жөл жөндеу жұмыстары басталады.
Айта кетейік, осыған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы жолдың сапасына көңілі толмайтынын, тіпті Ақордаға апаратын жолдың өзі құрақ көрпеге ұқсайтынын айтқан еді.