Оқиға орнына құтқару қызметі жөнелтілді
Telegram арналары хабарлағандай, кеше елордада қала әкімдігіне қарама-қарсы ғимарат үстіне шыққан әйел төменге секірмек болып, жұрттың есін шығарған.
Оның неліктен мұндай қадамға барғаны немесе әлдекімдерге қандай да бір талап қойған-қоймағаны әзірге белгісіз. Ал оқиғаның болғанын қалалық полиция департаменті растап отыр.
1 тамыз күні сағат 15:02-де «102» пультіне қоңырау түсіп, Бейбітшілік көшесінің бойындағы ғимараттың шатырында бір әйел секіргелі тұр деген ақпарат айтылды. Оқиға орнына құтқару қызметі жөнелтілді. Олар әйелді шатырдан түсіріп алған. Азаматшаға психологиялық көмек көрсетілді, - деп хабарлады қалалық ПД баспасөз қызметі.
Қазір бұл жайтқа қатысты тексеру жүргізіліп жатыр.