×

ВКонтакте Медведевтің парақшасының бұзылғанын растады

Қазір әлеуметтік желінің қауіпсіздік командасы тиісті органдармен бірігіп, жұмыс істеп жатыр

 Дастан Жұмабекұлы 02.08.2022 | 15:46
фото: gazeta.ru

ВКонтакте Медведевтің парақшасының бұзылғанын растады.

Бұл туралы «Новости» ақпарат агенттігі әлеуметтік желінің әкімшілігіне сілтеме жасап хабарлады.

ВКонтакте-нің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ресейдің экс-президенті, Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведевтің парақшасын бөтен адам бұзып, ондағы материалдарыды қарап, өзінің материалын жариялаған.

Қазір әлеуметтік желінің қауіпсіздік командасы тиісті органдармен бірігіп, жұмыс істеп жатыр. Парақшаны кімнің не үшін бұзылған себебі анықталады, - делінген хабарламада.

Бұған дейін Ресейдің экс-президенті, Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведевтің көмекшісі Олег Осипов әлеуметтік желіде шыққан «жазбаға» қатысты түсініктеме берген болатын.

Ол Медведевтің ВКонтакте желісіндегі соңғы жазбасы Әскери-теңіз күштеріне қатысты болғанын, оның парақшасын бұзып, басқа пост жазған адамды әлеуметтік желінің әкімшілігі мен тиісті адамдар анықтайтынын айтқан еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама