Бірақ Президенттің қайда болатыны айтылған жоқ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қысқа мерзімді еңбек демалысына шықты.
Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қысқамерзімді демалысқа шықты, – деп хабарлады Ақорданың БОРТ №1 Telegram-арнасы.
Бірақ Президент әкімшілігі Мемлекет басшысының демалыс күндерін қайда өткізетінін хабарлаған жоқ. Былтыр Қасым-Жомарт Кемелұлы төрт күнге алған еңбек демалысын елімізде өткізген болатын.