Биыл атағы жер жарған Рыбакина ресейлік теннисшіден тез жеңілді
Кездесу 1 сағат 43 минутқа созылды
Әлемдік рейтингте 23-орында тұрған Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина АҚШ-тың Сан-Хосе қаласында өтіп жатқан WTA 500 турнирі стартында әлемнің 12-ракеткасы, ресейлік Дарья Касаткинаға есе жіберді деп хабарлады Vesti.kz.
Рыбакина бірінші сетті 6:1 есебімен сенімді жеңсе, келесі екеуінде жеңіліс тапты. Кездесу 1 сағат 43 минутқа созылды. Есеп – 2:6, 0:6.
Теннисшілер өзара үшінші рет кездесіп, текетіресте Касаткина 2:1 есебімен тағы алға шықты. Енді ол екінші айналымда, яғни ертең америкалық Тейлор Таунсендпен кездеседі.
Еске сала кетсек, бұл Елена Рыбакинаның Уимблдон турниріндегі жеңісінен кейін қатысқан алғашқы матчы болатын.