Шымкентте жедел жәрдем көлігі аударылып қалды
Жол апатынан емхананың дәрігері зардап шекті. Ол жансақтау бөліміне түсті.
Халық үні
02.08.2022 | 08:20
Шымкентте жедел жәрдем көлігі жол апатына түсті.
Бұл туралы Otyrar.kz хабарлады.
Оқиға Shymkent City шағынауданында болған. Nissan Tiida жүргізушісі қосалқы жолдан негізгі жолға ауысқан кезде жедел жәрдем көлігімен соқтығысқан.
Жол апатынан пациентке асыққан №14 емхананың дәрігері зардап шекті. Ол жансақтау бөліміне түсті.